Тасқала ауданы "баллар музыка мектебінің" көршілес Бәйтерек ауданы "балалар музыка мектебімен" Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған "Бейбітшіліктің ақ құсы" атты іс тәжірибелік вебинары ZOOM платформасы арқылы өткізілді.
Семинар барысында Ахмет Жұбановтың шығармаларын Балалар музыка мектебінің оқушылары орындады. (Кужакова Нурай "Романс" , Өтеғали Маулен "Тәжік биі", Абулхаирова Ирада "Жез киік", Ансамбль "Қарлығаш")
Бәйтерек ауданының балалар музыка мектеп ұжымы осы шараға дайындаған бағдарламасын ұсынды.
Ұстаздар өз тәжірибелерімен алмасып, жаңа идеялармен бөлісіп вебинардың жақсы өтуіне ықпал етті.