24 Ақп 2021
Жаңалықтар

«Өнерлі өрендер»

Аудандық балалар саз мектебі.   

«Өнерлі өрендер»

2017 жылдың 2-3 желтоқсан күндері Орал қаласында ІІІ Республикалық «Менің елім- мәңгілік ел» рухани-патриоттық байқауы  Нұр Отан партиясының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген болатын. Осы байқауда саз мектебінің оқушылары  жүлделі орындар алып, аудан  қала берсе мектебіміздің мәртебесін бір асқақтатып тастады.

 Атап айтсақ , флейта номинациясы бойынша Елтай Аңсар  (ұстазы Сарсенова М. Б.) «Бас жүлдеге» ие болды. Домбыра номинациясы бойынша Базарбаева Раушан  «Бас жүлде» алып бір марқайтып тастады, Саматова Камила І орын( ұстазы Жадаева Р.С) . Домбыра аспабы бойынша жүлделі І орын Есімбек Әсетханға (ұстазы Ержанова Г.Х) бұйырса , Скрипка аспабынан Сейтова Дариа ( Ұстазы Шукурова У.С) ІІ орынды қанжығасына байлады.

       Осы байқауды іле-шала қаңтар айының 5-6 жұлдызында Орал қаласында жоғарыда айтылған ұйымдастырушылардың арқасында  І Республикалық «Қазақстан таланттары» байқауы өтті. Мектебіміздің, ауданның намысын қорғауға флейта аспабының оқушысы Ерболат Жасұлан қатысып (ұстазы Сарсенова М.Б) , І дәрежелі Лауреат иеленді. Скрипка аспабы бойынша Қамидолла Раяна (Ұстазы Шукурова У.С) ІІ дәрежелі Лауреат атанса, қобыз аспабынан Абулхаир Ирада (ұстазы Жумакаева И.И)   ІІІ дәрежелі дипломант атанды.

Аталған байқауға қолдау көрсеткен мектеп директоры МТ.Самиеваға және бір топ ата-аналарға алғысымыз шексіз. Талантты оқушыларымыз көп болып, биік шыңдарды бағындыра берейік дегім келеді.

 

Аудандық балалар саз мектебінің директордың

                              оқу-ісі жөніндегі орынбасары:                              И.И.Жумакаева

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар