24 Ақп 2021
Жаңалықтар

«Өнерлі балақайлар»

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» идеясын қолдау арқылы халқымыздың сан ғасырлық мәдени мұрасын, салт-дәстүрін кейінгі ұрпаққа насихаттау, бала бойындағы дарынын байқап, оны шындау.

 Жуырда 3-4 ақпан күндері  Орал қаласында  «Үркер» шығармашылық дамыту орталығының ұйымдастыруымен  «Өнерлі балақайлар» республикалық ән-би байқауы өткізілді.

Осы додаға, біздің аудандық балалар саз мектебінің 3 бүлдіршіні (Исатай Мирас, Қажыкен Наргиза, Тагаев Азамат) алғашқы рет үлкен сахнаға қадам басып, өнерлерін көрсетіп жүлделі 1 орынға ие болды. Ұстазы домбыра класының жоғарғы санатты мұғалімі Жадаева Райгуль Сериковна. 

Байқауға қатысуға қолдау көрсеткен оқушылардың  ата-аналарына  мектеп әкімшілігінің және ұстазының атынан алғыс білдіреміз. Осындай байқаулар оқушыларымыздың талаптарын оятып, таланттарына дем берсін!

Тасқала аудандық балалар саз мектебінің тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары Сарсенова Мейрамгуль Балгабаевна

Пайдалы ақпараттық ресурстар