Музыка - жүрек тілі, сезімдер мен көңіл – күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. «Музыка бізді алға жетелейді» атты мектепшілік жалпы ата – аналар жиналысын балалар саз мектебінің оркестрі Орынбай Дүйсеннің «Балдырған» шығармасымен ашты, жетекшісі Самиева Маншук Табылдиевна. Жиналысымыздың құрметті қонағы болып Тасқала аудандық балалар саз мектебінің білім беру ісінің үздігі, осы саз мектебін ұзақ жыл басқарған Кондудаева Валентина Владимировна мен 2017 жылдың қаңтар айында зейнеткерлікке шыққан мектебіміздің алғашқы ұстаздарының бірі, фортепиано класының оқытушысы Буланова Рая Амандаулетқызы қатысты.
Жиналыс барысында мектебімізде бір жан ұядан 2-3 баладан оқитын ата – аналар, балдардың осы мектепте оқуына сонымен қатар облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысуларына қолдау көрсеткендері үшін мектеп әкімшілігі атынан алғыс хаттармен марапатталды. Мектепшілік жалпы ата – аналар жиналысы оқушылардың ата – аналарына дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.