24 Ақп 2021
Жаңалықтар

Күй атасы – Құрманғазы

Бүгінгі күннің талабына сай музыка тәрбиесі сатылы түрде дамуы тиіс екені бәріне мәлім. Ғасырлар бойы музыка өнеріне құрмет әрдайым ерекше болды. Осындай білім ордаларының бірі - Балалар саз мектебі. Балаларға эстетикалық тәрбие беру жолында саз мектебінің берері мол.

Өткен аптаның сенбі күнінде «Рухани жаңғыру» аясында Аудандық балалар саз мектебінде дүлдүл күйші, күй өнерін әлемге паш еткен Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған «Күй атасы – Құрманғазы » атты мектепішілік домбырашылар сайысы өтті. 3-5 сынып оқушыларының арасында өткен додада жас өнерпаздар өнерін көрсетті. «Бозшолақ», «Машина», «Балбырауын», «Адай», «Айжан қыз» , «Ақбай»  атты күйлерді көрермен ықыласына ұсынды.
Осы сайысқа төрелік еткен әділқазы мүшелері :

Сапаров Халел Айтқалиұлы- Ақжайық саз мектебінің домбыра класының І санатты оқытушысы.
Думан Ғазез- Нұр Отан партиясының І хатшысы .
Сарсенов Сансызбай Х- Аудандық мәдениет және тілдер бөлімінің әдіскері


Үлкен топта :
Қарабалиев Алихан Гран –При
Гайнуллиева Дильназ - І орын
Тангатарова Нургул - ІІ орын
Халенова Гулдана -  ІІІ орын

Айтжанов Қуаныш  - Алғыс хатпен марапатталды.

Кіші топтар арасында: 

Сағынгереева Бақыт -Гран- При
Тілек Аманат - І орын

Мухтарова Дана  - ІІ орын

Хамидоллаев Әмір - ІІІ орын
Ибатов Мадияр -  Алғыс хатпен марапатталды.


Жас орындаушыларды дайындағандар:  Самиева М.Т,  Жадаева Р.С,  Ержанова Г.Х,  Маханов А.М,  Аманғалиев Е.З,  Габдуллина А.Қ  рахметімізді айтамыз. Дәстүрлі музыкаға баулып жүрген балалар саз мектебінің ұжымына әділқазы, ата-аналар атынан алғысымызды айтамыз. Осындай шара балаларымыздың дамуына қомақтай үлесі бары сөзсіз.

Аты Жүктеу
1 «Күй атасы – Құрманғазы» атты мектепшілік домбырашылар байқауының сценарийі  .docx 

Пайдалы ақпараттық ресурстар