Тасқала аудандық балалар саз мектебі
«Әсем саз жүректен - жүрекке»
Қазан айының 15 жұлдызында «Самғау» мәдени ойын-сауық және спорт орталығында балалар саз мектебі ұжымы саз мектебіне қадам басқан оқушыларға арналған атты «Әсем саз жүректен - жүрекке»
мерекелік концерт өткізді.
Жалпы музыка әлемі –адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз дүние. Музыканың шын мәнінде біздің жан дүниемізді толқытып, көңілімізді көтеруге құдіреті жетеді.
Алдымен сөз алған балалар саз мектебі директорының міндетін атқарушы Е.Амангалиев оқушыларды алғашқы қадамдарымен құттықтап, сәттілік тіледі.
Мектебіміздің оқушылыры жаңадан келген балаларды өз өнерлерімен тәнті етті.
«Самғау» орталығына саз мектебі ұжымының атынан алғыс айтамыз.