24 Ақп 2021
Жаңалықтар

Балалар саз мектебінде ашық есік күні өткізілді

Ағымдағы жылдың 6 ақпан күні , қосымша білім беру жүйесінің жұмысын дамыту мақсатында аудандық балалар саз мектебінде, ашық есік күні өткізілді.

Ашық есік күніне ата-аналар, мекеме басшылары, қосымша білім беру педагогтары қатысып, оқушылардың өнеріне тәнті болды. Ашық есік күнінің ашылу сәті скрипкашылар ансамблі орындаған Абай Құнанбайұлының «Айттым сәлем қаламқас» шығармасымен бастау алды. Шара барысында аспаптар кабинетімен және жекелеген сыныптар жұмысының жүргізілу жағдайымен танысты. Сольфеджио пәнінен «Интервал» сабағына қатысып, оқушылардың шығармашылыққа бастау алатын алғашқы қадамдарына сүйсінді. Шара соңында  «Ішекті аспаптар апталығының» қорытындысы ретінде «Қазақ вальсінің королі» Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған дәріс-концертті тамашалап, оқушылардың өнері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары бағалады. Мекеме басшылары сөз алып, оқушылардың өнеріне оң бағасын берсе, ата-аналары алғысын білдірді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар