Тасқала аудандық балалар саз мектебінде жерлес термеші Қаламқас Орашеваға арналған сазды кеш атап өтілді. Өмірбаяны мен шығармашылығы таныстырылды. Қаламқас Орашеваның репертуарынан халық әні "Сәулем-ай" термесін дәстүрлі ән класының оқушысы Алиева Елнура орындап берді. Шараны өткізген дәстүрлі ән класының ІІ санатты оқытушысы Джанаев Сұңғат Ханатұлы.