23-25 қараша күндері қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған "Олимп" аудандық кәсіби байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын қосымша білім беру педагогтерін анықтау, қолдау, ынталандыру. Байқау бірнеше бағытта өткізілді. Тасқала аудандық балалар саз мектебінен "Музыкалық шығармашылық" номинациясына Шукурова У.С., (скрипка) Кукасова Э.С. (қобыз) Бисембеева Л.М. (сүйемелдеуші) белсене қатысып жүлделі ІІ орынға ие болды.
Сарсенова М.Б., (флейта, сазсырнай) Габдуллина А.К. (жетіген) жүлделі І орынға ие болып, облыстық "Олимп" байқауына жолдама алды.