Бөкей ордасы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Хан ордасы ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл, Бөкей хандығына 220 жыл, Жәңгір хан мектебінің 180 жылдықтарына арналған "Бөкей ордасы-қасиетті, құт мекенім" атты облыстық домбырашылар байқауын ұйымдастырды. Додаға облысымыздың барлық аудандарынан өнерпаздар қатысты. Тасқала Балалар музыка мектебінің домбыра класының оқытушысы Амангалиев Елдос Зейнуллиевич аталмыш додада бақ сынап, жүлделі II орынға ие болды.