Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен "Ғасыр" жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған өнер кеші ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған облыстық "Ұлттың үні-жыр терме" атты жас термешілер байқауы өтті. Байқауда 14-18 жас және 19-29 жас аралықтарындағы жас өнерпаздар бақ сынады. Тасқала "Балалар музыка мектебінің" дәстүрлі ән класының оқушысы Максутов Нұрдәулет байқауға қатысып, Алғыс хат номинациясымен марапатталды. Ұстазы Джанаев Сунгат Ханатұлы.