Еліміздің мерейлі мерекесін кеңінен насихаттау, балаларды сыйластыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" атты аудандық патриоттық әндер челенджі басталды. Аудандық балалар музыка мектебінің вокалдық топ орындаушылары мектебіміздің тәжірибелі ұстазы Мендыкыз Шарипкызының "Туған жер" атты авторлық әнін, өз тілектерін Ақтау орта мектебіне жолдады. #ЕлімніңБақытынТербеткенТәуелсіздік#Челендж

