Тасқала ауданы «Балалар музыка мектебінде» қосымша білім беру ұйымдарының арасында жалғасып келе жатқан «Дарабоз даңғылы» жобасы шығармашылық алаңының ІІ шақырылымы «Шеберлер қалашығы» өткізілді. Шараға жас туристер станциясы және мектептен тыс жұмыс орталығының ұжымы қатысты. Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Лукбанов Мендібек Нурболатұлы құттықтау сөз сөйлеп, қосымша білім беру ұйымдарына сәттілік тіледі .
«Шеберлер қалашығымызда» әріптестерді ұжымдық жұмыспен таныстырдық. «Көңілді оркестр» деп аталатын, балалар музыка мектебінің ұстаздарынан құралған оркестр, орыс халық әні «Во саду ли в огороде» шығармасын орындады.
Қонақтар көңілді ноталарды таңдау арқылы түрлі аспаптарға бөлінді. Ұстаздардан сабақ алып, домбыра, қобыз, бас домбыра, сырнай, флейта, жетіген, ұрмалы аспаптарды үйреніп өз өнерлерін көрсетті. Сергіту сәтінде қонақтарымыз көрсетілген суреттер арқылы түрлі әуендерге анықтады. Ұйымдастырылып өткізілген жоба «Шеберлер қалашығы» жақсы деңгейде өтті.
17 Ақп 2022
Жаңалықтар
Тасқала ауданы «Балалар музыка мектебінде» қосымша білім беру ұйымдарының арасында жалғасып келе жатқан «Дарабоз даңғылы» жобасы шығармашылық алаңының ІІ шақырылымы «Шеберлер қалашығы» өткізілді
Пайдалы ақпараттық ресурстар