12 Сәу 2022
Жаңалықтар

С. Жақсығұлов атындағы ЖОББ мектебінде қазақ халқының ұлттық аспаптарын насихаттау бағытында дәріс концерт өткізді

Балалар музыка мектебінің оқытушылары С. Жақсығұлов атындағы ЖОББ мектебінде қазақ халқының ұлттық аспаптарын насихаттау бағытында дәріс концерт өткізді. Мектептің 6 сынып оқушылары қатысты. Ұстаздар домбыра, қобыз, жетіген, сазсырнай аспаптарымен таныстырып, түрлі аңыз деректерді айтып берді. Құрманғазының күйі "Адай", Халық күйі "Кербез қыз" шығармалары орындалды.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде ұйымдастырылған бұл шара, біздің ұлттық құндылықтарымызды оқушыларға дәріптеп, қазақ халқының мәдениетіне саяхат жасап, балаларға ерекше көңіл күй сыйлады.

Пайдалы ақпараттық ресурстар