12 Сәу 2022
Жаңалықтар

Тасқала ауданы "Балалар музыка мектебі" мемлекеттік мекемесі бос азаматтық лауазымға ашық конкурс жариялайды

Тасқала ауданы "Балалар музыка мектебі" мемлекеттік мекемесі бос азаматтық лауазымға ашық конкурс жариялайды
Тасқала ауданы "Балалар музыка мектебіне":
1. Іс-жүргізуші – 1 бірлік, тұрақты.
Үміткерге қойылатын талаптар: орта арнаулы немесе орта білім.
Білуге міндетті: ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек Кодексін, ҚР "Неке және отбасы туралы" Кодексін, ҚР "Білім туралы", "ҚР тіл туралы", "ҚР баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын.
Конкурс ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға байқау өткізу ережесі» негізінде жүргізіледі.
Байқауға қатысуға ниет білдірген тұлға төмендегідей құжаттарды ұсынады.
1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3. Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты;
4. Білімі, біліктілігі туралы құжат көшірмесі;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6. "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрі м.а 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы;
7. Қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
8. Сотталмағаны туралы анықтама;
9. Психоневрологиялық диспансерден анықтама.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы, құжаттарды байқауға қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында жарияланған күннен бастап күнтүзбелік 15 күн ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы қажет: Тасқала ауданы, Тасқала ауылы Құрманғалиев көшесі 3. Анықтама телефоны: 8 (7113) 9-22-3-77, электрондық пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Тасқала ауданы "Балалар музыка мектебі".

Пайдалы ақпараттық ресурстар