19 Мамыр 2022
Жаңалықтар

"Олимп" облыстық сырттай кәсіби байқау өткізді

Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының "Білім беруді дамыту орталығы" шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын қосымша білім беру педагогтерін анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында "Олимп" облыстық сырттай кәсіби байқау өткізді. Байқауға 12 аудан, Орал қаласы, облыстық балалар техникалық шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогтері қатысты.
Теориялық бағыт (сольфеджио) бойынша мектебіміздің тәжірибелі ұстазы, педагог-зерттеуші Айтжанова Мендыкыз Шарипкызы қатысып жүлделі II орынға ие болды.
Шеберлік сабағына қатысқан 1 сынып оқушылар Сундетбаева Инкар, Ғазез Таңнұры, Құрметқызы Каусар, Жаниязова Айсұлу, Ермұрат Інжу, Кодарова Айбиби, Арыстанғалиев Бекарыс, Абулхаирова Альмира
Құттықтаймыз!!!
 
Пайдалы ақпараттық ресурстар